Коронавирустың шарықтау шегі ақпанның ортасына келеді
"Омикрон" штамының таралуына байланысты коронавирустың шарықтау шегі ақпан айының ортасына келеді.
17:39 25.01.2022
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының шарықтау шегіне жететін кезеңі әлі алда.
"Біз эпидемиологиялық жағдайға үнемі болжам жасап тұрамыз. Өздеріңізге мәлім, бізде болжам реалистік, оптимистік және пессимистік сценарий бойынша жүргізіледі. Бүгінгі болжам бойынша коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі ақпан айының ортасына тұспа-тұс келіп тұр", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!