{metadescription}
Түркістан тұрғыны 25 жыл бұрын жоғалып кеткен інісін тапты

Түркістан тұрғыны 25 жыл бұрын жоғалып кеткен інісін тапты

Түркістан облысының полициясы әйелге 25 жыл бұрын жоғалып кеткен бауырын табуға көмектесті.

Облыстық полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, Төле би ауданындағы ауылдардың бірінде бәзбіреулердің жігітті тұтқында ұстап отырғаны туралы арыз түсірген. Полиция жағдайды қылмыстық кодекстің 126-бабы (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша тіркеп, департамент қызметкерлері тергеу әрекеттеріне кіріскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде полиция жігіттің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болғанын, содан ол балалар үйінде, интернатта тәрбиеленгенін анықтады. Ер жеткен соң 10 жыл бойы облыс аудандарындағы түрлі шаруашылықта жалдамалы жұмысшы болған. Сол жылдарда жұмыс берушілер тарапынан азап көрген.

Жігіт өзінің жақын туыстарын танымайды, есінде ешкім қалмаған. Алайда полиция оның туыстарын бірнеше сағат ішінде тапты. Олардың Түркістан қаласының жанындағы Сауран ауданында тұратыны анықталды. Тәртіп сақшылары жігіттің үлкен әпкесі мен жездесін полиция департаментіне алып келді. Ширек ғасыр бойы кездеспеген бауырлар осы жерде қауышты.

Әпкесінің айтуынша, ата-анасы бала күнінде қайтыс болған. Қыз туыстарының қолында қалған, ал бауырын балалар үйіне берген. Ол кезде үлкен інісі 9 жаста, кішкентайы 4 жаста болған. Кейінгі екі жылда інісін өз бетінше табуға тырысқан, алайда нәтижелі болмаған. Алайда ол полициядан көмек сұрамаған.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде