{metadescription}
Ат мініп танылған генерал Маңғыстау облысының Полиция басшысы болды

Ат мініп танылған генерал Маңғыстау облысының Полиция басшысы болды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды.

Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылы Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі болып қызметін бастаған.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы департаменттің бастығы қызметін атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымына дейін ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.