Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте 4 жасар баланың өкпесінен эхинококк құрты алынды
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері эхинококк диагнозы қойылған 4 жасар балаға ашық түрде операция жасады.
18:43 20.05.2022
Науқас баланы қалалық клиникалық балалар ауруханасына 11 мамыр күні жедел жәрдем жеткізген.
Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, өкпесінің оң жақ бөлігінен эхинококк кистасын анықтаған.
«Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 13 мамыр күні жасадық. Баланың өкпесіне ашық түрде ота жасалып, құртты кистамен бірге алып шықтық. Құрт баланың кеуде қуыс аймағын жайлаған. Бір сағатқа созылған операция сәтті өтті»,-дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Әкім Түлкібаев.
Науқас бір күн жансақтау бөлімінде жатып, бөлімшеге ауысқан. Денсаулық жағдайы жақсарған пациентті дәрігерлер 18 мамыр күні ауруханадан шығарды.
Дәрігерлердің айтуынша, эхинококкоз ауруының қоздырғыштары ит, мысық және төрт түліктен жұғуы мүмкін.
Сонымен қатар, дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адамға үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті мамандар балалардың тамақтануына үлкен мән беру керек екенін айтады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram