Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Нұр-Сұлтандағы Elorda Cup халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті.
21:00 04.07.2022
Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында қытайлық Туохет Аербекпен жұдырықтасты. Айқаста Оралбай төрешілердің әртүрлі шешімімен 3:2 (28-29, 28-29, 29-28, 29-28, 29-28) жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай Elorda Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Нұрбек Оралбай - жастар арасында әлем чемпионы (2018 жыл).
Бұған дейін Елорда кубогында Қазақстан құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 кг дейін), Сәкен Бибосынов (51 кг дейін), Махмұд Сабырхан (54 кг дейін), Серік Теміржанов (57 кг дейін), Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) және Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг дейін), Абзал Серік (70 кг дейін) және Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін) жүлдегер атанған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram