{metadescription}
Елде коронавируспен ауырғандар 3 есеге жуық өсті

Елде коронавируспен ауырғандар 3 есеге жуық өсті

Маусым айының ортасынан бастап COVID-19 аурушаңдығы салыстырмалы түрде 2,9 есе өсті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 27 маусымда сырқаттанушылықтың тәуліктік өсуі 61 жағдайды құраса, 5 шілдеде 187 дерекке көбейді.

«Аурушаңдық көрсеткішінің жоғарылау тенденциясы ревакцинация қарқынының төмендеуімен байланысты. Коронавирусқа қарсы мүлде екпе алмаған тұрғындар қатары да аз емес. Індетке шалдығу жағдайларының 80%-ға жуығы вакцинацияланбаған немесе соңғы иммунизациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар үлесінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұған дейін азаматтардың ревакцинациядан өтуден бас тартуына байланысты сырқаттанушылықтың өсу қаупі туралы ескерткен болатын», - деп жазды комиссия.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «сары» аймақта. Қазір Оңтүстік мегаполисте сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 112 жағдайды құрайды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.