Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы маңында ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды
Олардың кішкентай баласы мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
20:52 06.07.2022
Әлеуметтік желіде Volvo жол талғамайтын көлігі мен Mercedes Benz көлігінің соқтығысқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Автор қатты соққыдан екі көліктің де бүктетіліп қалғанын хабарлады. Сондай-ақ апаттан қаза болған әйелдің егіз балаға жүкті болғаны айтылған.
Факт 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында тіркелгені белгілі болды.
Өңір полициясы көліктер Байсерке-Қараой тасжолының 26-шы шақырымында соқтығысқанын нақтылады. Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.
"Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған үш адам, оның ішінде 4 жасар қыз ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство бұл факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram