Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды
Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.
Фото: Instagram/bibisarachess
16:02 06.08.2022
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15- чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», - деді спортшы.
Айта кетсек, Бибісара Асаубаева блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021). Сондай-ақ, ол Гиннес рекордтар кітабына енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram