Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ким Чен Ын елдің коронавирусты жеңгенін жариялады
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын КХДР коронавирус індетін жеңгенін жария етті.
Фото: cloudfront-us-east-2.images.arcpublishing.com
17:45 11.08.2022
Кореяның ресми орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, КХДР басшысы бұл мәлімдемені бір күн бұрын өзі төрағалық еткен эпидемияға қарсы шаралар жөніндегі ұлттық жиналыс кезінде жасады.
«Ол елге енген жаңа коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша эпидемияға қарсы төтенше науқандағы жеңісін салтанатты түрде жариялады», - делінген хабарламада.
Пхеньян екі жылдан астам уақыт бойы инфекция тіркелмегенін мәлімдегеннен кейін 12 мамырда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталып, бүкіл ел бойынша карантин енгізілген болатын. Солтүстік Кореяда тәуліктік инфекция жұқтыру деңгейі 15 мамырда 392 920-ға жетіп, кейіннен 29 шілдеде нөлге түсті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram