Екі жыл халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық елордада ұсталды
Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді.
13:28 15.08.2022
«Нәтижесінде 2020 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғынын елордада ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармағы бойынша қылмыс жасаған деп күдікке іліккен. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!