{metadescription}
Ақтауда жас жігіт 11-қабаттан құлап, көз жұмды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлаған жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14:07 19.08.2022
Оқиға 18 тамызда түскі уақытта болған.
«102 кезекші пультіне 12-шағын аудан 37-үйінің 11-қабатынан ер адамның құлағаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, сондай-ақ жедел тергеу тобы барды», - деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.
Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!