{metadescription}
Педагогикалық ЖОО-лардың білім моделі күшейтіледі

Педагогикалық ЖОО-лардың білім моделі күшейтіледі

Педагогикалық жоғары оқу орындарының білім моделін күшейту қажет.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Қазіргі уақытта 50 жоғары оқу орнының негізінде педагогикалық мамандар даярланады. Бүгінде демографиялық толқынның бастамасын көріп жатырмыз, шүкір. Соңғы 2 жылдың ішінде 1 млн-ға жуық бала дүниеге келді. Бірақ, бұл демографиялық қысым 2026 жылға дейін тоқтамайды. Алла жазса, одан кейін де жалғасады. 1,2 млн бала қазір біздің білім жүйемізге кіреді. Бірінші қысым мектепке дейінгі ұйымдарға түседі. Инфрақұрылым жағынан да үлкен қысым болады. 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салынады деп жатырмыз. Үш ауысымды мектептерді толыққанды бір ауысымды мектептерге ауыстыру үшін кемінде 3 мың мектеп қажет», - деді Саясат Нұрбек республикалық тамыз конференциясы барысында.

Министрдің атап өтуінше, алдағы уақытта елімізге 120 мыңнан астам мұғалім дайындау қажет болады.

«Сондықтан, 50 ЖОО-ның ішінде 5 негізгі педагогикалық жоғары оқу орындарының педагогикалық білім моделін пысықтау, күшейту қажет. Педагогикалық ғылымды, педагогикалық білімді жетілдіру – біз үшін стратегиялық бағыт болады», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде