{metadescription}
Алматыдан 272 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 29 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 16:48-де жер сілкінісін тіркеді.
Фото: www.aa.com.tr
20:14 29.09.2022
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 272 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.4. MVP магнитудасы - 4.8. Бағыты - 40.95° с.е. 78.21° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!