{metadescription}
Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 1 адам көз жұмды

Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 1 адам көз жұмды

Алматы қаласында және Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт болды.

Бұл туралы ТЖМ хабарлайды.

«Жалпы ауданы 40 шаршы метр құраған өрт бесінші қабаттағы пәтердің балконына көшті. ТЖД күштерімен баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Бір сағаттан аз уақыт ішінде сөндірілді. Нәтижесінде, орташа ауыр жағдайында улы газдан уланған мас күйінде болған 1970 жылы туған пәтердің иесі ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі әлі де анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және Алматы қаласы ТЖД 10 бірлік техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Тұрмыстық өрттің тағы бір жағдайы Қарағанды облысында тіркелді.

Қарқаралы ауданының Айрық ауылының жеке тұрғын үйіндегі 60 ш.м. алаңда өрт болды. Өрт ТЖД Өртке қарсы қызметі келгенге дейін сөндірілді. Өрт орнында 1972 жылы туған жалдамалы жұмысшының мәйіті табылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.