Абай облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Абай облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды әкімдік.
19:26 28.11.2022
«28 қараша сағат 19.00-ден бастап ауа температурасының -30 С градустан төмен түсуіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты Абай облысының Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаске бойынша жолаушылар рейстік автобустары үшін, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!