{metadescription}
Ақтауда 11 жасар бала жоғалып кетті

Ақтауда 11 жасар бала жоғалып кетті

Ақтауда 4 желтоқсаннан бері 11 жастағы Нұрислам Мәмбеков іздестіріліп жатыр.

4 желтоқсан күні сағат 16:35-те бала "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп жазды lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасы. Оны еріктілер мен құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Ерекше белгілері: бойы 150-155 см, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде мең бар. Үстінде: қара көк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара трико. Сөмкесі мен киім салынған пакеті болған.

Жоғалған баланы көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласа алады: +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде