{metadescription}
Алматы полициясы 9 жасар қызды іздестіріп жатыр

Алматы полициясы 9 жасар қызды іздестіріп жатыр

Полиция бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен 9 жасар Айша Тимурды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және қарапайым адамдар жұмылдырылды.

Қыз арықтау келген, шашы қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Жоғалған қыздың арқасында қызыл сөмке болды.

Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе «102» номеріне дереу хабарлауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.