Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Шығыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Жандос Сайханов тағайындалды.
Фото: управление физкультуры и спорта ВКО
08:16 10.12.2022
Жандос Түсіпханұлы 1986 жылы дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шебері, жасөспірімдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы. Халықаралық турнирлердің де бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанған. Спорттық мансабын тәмәмдаған соң бапкерлікпен айналысты.
Осы лауазымға дейін Өскемен қаласындағы Қажымұқан атындағы «Жекпе-жек сарайы» спорт кешеніндегі жекпе-жектен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебін басқарды.
Оның жетекшілігімен мектеп халықаралық, республикалық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 85 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 400 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram