Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлихан Смайылов бір ай ішінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын пысықтауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды.
Фото: primeminister.kz
12:09 10.12.2022
Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлайды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту/төсеу/монтаждау, сондай-ақ 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар қарастырылған 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады.
Сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және мемлекеттік статистиканы жүргізу мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық статистикалық тіркелімдерді енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік органдардың деректерін цифрландыру барысы туралы айтып берді.
Әлихан Смайылов бір ай мерзімде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды, сондай-ақ деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100% қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram