{metadescription}
Журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды

Журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды

Америкалық журналист, CBS қызметкері және «Бекхэм тәжірибесі» кітабының авторы Грант Валь Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Нидерланд пен Аргентина матчы кезінде көз жұмды.

Бұл туралы оның бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Журналистің қайтыс болғанын АҚШ футбол федерациясы да растап, көңіл айтты.

Марқұмның бауыры Гранттың денсаулығы жақсы болғандығын, сондықтан оның өз өлімімен қайтқанына сенбейтінін жеткізді.

ТАСС агенттігінің мәліметіне қарағанда, Грант Валь Аргентина – Нидерланд матчында футбол шолушысы болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде