{metadescription}
Қытай провинцияларының бірінен 21 қорым табылды

Қытай провинцияларының бірінен 21 қорым табылды

Орталық Қытайдағы Хунань провинциясының Чанша қаласынан археологтар Хань династиясы (б.з.д. 202 – б.з.25 ж.) дәуіріне жататын 21 қорым тапты.

«Бұл қорымдар шамамен 780 метр жерде орналасқан, бұған дейін табылған империялық кесенеге тиесілі», - деп хабарлады Чанша мәдени мұра және археология институты.

Барлық жерлеу орындарында шұңқырлар бар және оларды екі түрге бөлуге болады - өткелдері бар және өткелсіз қорымдар. Олардың көбі бір-біріне жақын жатыр. Бұл жерде ерлі-зайыптылар немесе бір отбасы мүшелері жерленген болуы мүмкін.

Соның ішінен археологтар ерекше қорым тапты. Олардың айтуынша, бұл Хунань провинциясында сирек кездесетін екі қабатты жерлеу орны.

«Егер біздің болжамдарымыз расталса, бұл Хань әулеті кезіндегі екі деңгейлі құрылымды жерлеулердің дамуы мен таралуын зерттеу үшін маңызды ақпарат береді», - дейді қазба жобасының жетекшісі Чжоу Баодун.

Орналасқан жерінің жақындығын және жасының ұқсастығын ескере отырып, археологтар бұл қорымдар көне императорлық кесенеге тиесілі болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Чжоу Баодунның айтуынша, жаңа олжалар Батыс Хань әулеті кезіндегі қазіргі Чанша қаласының жерлеу жүйесін зерттеу үшін маңызды ақпарат бере алады.

Бұған дейін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы Гуанчжоуда Хань әулетінен (б.з.д. 202 - б.з. 220 ж.) Цин әулетіне (1644-1911 жж.) дейінгі кезеңге жататын 184 тарихи ескерткіш, сондай-ақ бірқатар мәдени жәдігерлер табылғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде