{metadescription}
Биыл Алматы қаласының цифрлық егізі құрылады

Биыл Алматы қаласының цифрлық егізі құрылады

Осы жылдың күзінде Алматы қаласының «цифрлық егізін» құру жоспарда. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында мәлім етті.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының цифрлық егізіне көлік, экономикалық, экологиялық және құрылыс деректері енгізілетін болады. Сондай-ақ, үлкен деректерді талдау негізінде қаланы дамыту сценарийінің функционалы бар платформаланы енгізу жоспарлануда.

«Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі «Алматы – Смарт-сити» құру. Ағымдағы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарда. Былтыр қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисі атанды», - деді Ерболат Досаев.

Шаһар басшысы қаланың одан әрі дамуына, жақсаруына маңызды жобалар мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Биыл бірыңғай бейнемониторинг жүйесі Алматының 80 пайызын қамтиды. Бұл – цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде