Теміржол апатынан 12 адам зардап шекті
Берн кантонында 2 жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кеткен.
Фото: CHSRF
09:38 01.04.2023
Теміржолдағы апаттан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен. Жарақаттанған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бір адам ауыр халде жатыр деп хабарланды.
Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы өлшеу стансасы желдің екпіні сағатына 136 км болғанын тіркеген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!