{metadescription}
Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

Қарулы қақтығыста бір ирандық шекарашы қаза тапты.

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясындағы Сасули елді мекенінің маңында «Талибан» күштерімен қарулы қақтығыста бір ирандық шекарашы қаза тауып, екеуі жараланды, деп хабарлайды Tasnim агенттігі Иранның шекара әскерлері қолбасшылығының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«Сасули Али аймағындағы «Талибан» күштері мен ирандық шекарашылар арасындағы қақтығыс нәтижесінде ирандық шекарашылардың бірі қаза тапты, қалған екеуі жарақат алды», - делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, қайтыс болған шекарашы Мұхаммед Махди Ахмади Забол шекара полкінде қызмет еткен. Tasnim хабарлағандай, «Талибан» күштері де шығынға ұшырады, бірақ олардың саны нақтыланбаған.

Дереккөз: azattyq-ruhy

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде