{metadescription}
Астанада тұрғын үй паркингінен өрт шықты

Астанада тұрғын үй паркингінен өрт шықты

Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің бірінде жоғары дәрежелік шақыру бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 маусымда сағат 11:56-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешені паркингінде өрт шыққаны туралы хабарлама алған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін келді, автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды.

«Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде», - деп жазды министрліктен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.