{metadescription}
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келі) қола жүлдегер атанды.
Фото: olympic.kz
08:35 22.09.2023
Қазақстандық балуан 3-орын үшін польшалық Наталия Стрзалькамен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын.
Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) әлем біріншілігінде қола медаль алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!