{metadescription}
Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады

Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев жақында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылатынын айтты. 

«Бас прокуратура жанынан тиісті комитет құрылады. Қазір бұл бағытта құжаттарды келісу рәсімі іске асырылып жатыр. Жақында комитет құрылады», - деді Ә.Шындалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, шетелден қайтарылған активтердің жалпы сомасы 400 млрд теңгеден асты.

«Қай мемлекеттен қанша қайтарылғанын қазір нақты айта алмаймын. Құрылатын комитет заңсыз шығарылған активтерді анықтайды», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС құру мәселелері туралы» Үкімет қаулысына қол қойды.

Айта кетейік, биыл маусым айында Сенат «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңын мақұлдады.

Оның аясында заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселелері бойынша комиссия құру ескерілген. Оның құрамына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері кіреді.

Сонымен қатар Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады. Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.