{metadescription}
0:000:00

Астанада ғимарат ішіндегі құрылыс материалдары өртеніп жатыр

Елордада салынып жатқан нысанда құрылыс материалдары өртеніп жатыр.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 15:08-де Есіл ауданында, Хусейн бен Талал мен Мәңгілік ел даңғылы қиылысындағы құрылыс алаңында түтін шыққаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан ғимараттың 2-ші қабатында болжамды аумағы 200 шаршы метр болатын құрылыс материалдарының жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндірумен Астана қалалық ТЖМ жеке құрамының 20 маманы мен 4 техникасы айналысып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп атап өтеді ведомстводан.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде