Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түнгі клубта төбелескен Ақтау полицейлері жұмыстан босатылды
Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
12:43 28.11.2023
«Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді.
Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram