{metadescription}
Лаңкес ұйымдастырған жарылыстан екі адам қаза тапты

Лаңкес ұйымдастырған жарылыстан екі адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында лаңкес ұйымдастырған жарылыс салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды.

Бұл туралы дүйсенбіде Қоғаммен байланыс жөніндегі ведомствоаралық қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform

Оқиға жексенбі күні Банну округінде болған. Лаңкес өзін қауіпсіздік күштерінің көлік тізбегі жанында жарып жіберген.

Жарақат алған жеті азаматтық тұлға мен үш сарбаз жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға болған ауданда жүруі мүмкін басқа лаңкестерді жою операциясы өткізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде