{metadescription}
Ақылы жолдың абонент төлемін өтемеген жүргізушілерге айыппұл салына ма

Ақылы жолдың абонент төлемін өтемеген жүргізушілерге айыппұл салына ма

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде ақылы жолдарға абонент төлемдері қалай енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform

«Баяндамаңызда ақылы жолдар тарифін қайта қарау жоспарда бар екенін айттыңыз. Отандық тасымалдаушыларға бір айлық, бір жылдық тарифтер белгілеу көзделген деген мәлімет айтылды. Сонда тасымалдаушылар ай сайын жүрсе де, жүрмесе де төлей ме?», – деп сұрады БАҚ өкілі.

Ведомство басшысы бір айлық тариф ақылы жол маңындағы елді мекендердің тұрғындарына енгізілетінін айтты.

«Жалпы ақылы жолмен жүрмеген көліктен ешкім ақы алмайды. Абонент төлемі де алынбайды. Әркім өзінің жағдайына қарай шешім қабылдайды. Ақылы жолмен айына бір немесе екі-ақ рет жүруі мүмкін. Ондай жағдайда тарифке кірмей, ақылы түрде өткені дұрыс. Біз басында ақылы жолдың басына шлагбаум қойып, төлегендер ғана өтетін етпекші болғанбыз. Бірақ ондай тәсіл кептеліске алып келетін болды. Сондықтан оны алып тастадық та, тек камера қойдық. Камера қазір бейнебақылауға алады. Содан кейін Kaspi-ге қанша төлеу керектігі келеді. Оны 7 күннің ішінде төлемесе «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторының арнайы тобы бар. Сол топтың қызметкерлері телефон соғып, «Жол ақысына қарызыңыз бар» деп ескерте бастайды», – деп түсіндірді Марат Қарабаев.

БАҚ өкілі жол тарифін төлемегендерге айыппұл салу ықтималдығы туралы сұрады.

«Жоқ, ол жақта айыппұл деген қарастырылмаған. Тек төлеу мерзімі қарастырылған. Төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда өсімпұл қарастырылған.
Сіз айтып отырған абоненттік төлемге келсек, жиі жүретін адамдарға екі түрін енгізу ұсынылып отыр. Ауыл маңында тұратын кісілер болса, күн сайын өтетін болса, біздің базаға енгізіледі. Айына 1000 теңге төлейді. Ал одан басқа отандық тасымалдаушыларға бір жылдық және бір айлық абонент төлемі қарастырылған. Оның бағасы әртүрлі. Мысалы, 16 адам таситын көліктер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш (6900 теңге - ред.) болады», – деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде