Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті
Белгілі сатирик, актер Асқар Наймантаев өмірден өтті.
Фото: instagram.com/askar.naimantaev
12:36 02.12.2023
Белгілі сатирик, актер, режиссер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Асқар Наймантаев дүниеден озды. Қаралы хабарды өнер адамдары әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатыр.
«Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын», - деп жазды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали.
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы, 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
Актер «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларын ашып, кино және театр сахнасында бірқатар рөлдерімен есте қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram