{metadescription}
Түркістанда 4 жасар бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Түркістанда 4 жасар бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Кеше кешкісін ойнауға шыққан Түркістан қаласының 4 жасар тұрғыны үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды polisia.kz.

Жоғалған бүлдіршінді табуға полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларымен жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіп жатыр. 

Жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданған. Іздеу жұмыстарына еріктілер мен тұрғындар да тартылды.

«Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде