{metadescription}
Аты-жөні өлілердің тізіміне еніп кеткен студент Алматыда 15 күн бұрын болған

Аты-жөні өлілердің тізіміне еніп кеткен студент Алматыда 15 күн бұрын болған

Хостелдегі өрт кезінде қаза таптыға баланып, аты-жөні өлілердің тізіміне еніп кеткен сарыағаштық жеткіншектің әкесі болған жайды баяндап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Әмірәлі Рамазан Алматыға бір күнге қонаққа барған. Содан жататын жер бомаған соң, хостелдің қызметіне жүгініпті. Бұл туралы Kazinform сайтының тілшісіне оның әкесі айтты.

«Балам 15 күн бұрын Алматыға қонаққа барды. Барған күннің ертеңіне қайтып келді. Содан денсаулығы сыр беріп жүргендіктен Ташкентке алып барып, дәрігерлерге көрсетіп қайттым. Қазір үйде ем қабылап жатыр. Аллағы шүкір аман-есен. Ал, аты-жөнінің қайтыс болғандар тізіміне еніп кетуі – сол жердегі мамандардың кінәсі. Ешкім тексермеген. Бүкіл тізімді бере салған болуы керек, ішінде менің 15 күн бұрын барып, бір күн жатып кеткен ұлымның да аты-жөні жүр» - дейді әкесі Батырәлі Бекқұлов.

Сондай-ақ Рамазанның әкесі ақпараттық кеңістікте тарап жатқан жалған ақпараттардың салдары баласының оқуына кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді.

«Менің балам Шымкентте оқиды. Биыл диплом алуы керек еді, қазір ұстаздары оқудан шығармақ болып жатыр екен. Балам жұмыс істеуге емес, қонаққа барды. Бір күнге. Содан бері емделіп жатыр. Үйімізде Ташкентке барып-келген қағаздарымыз, ондағы дәрігерлердің нұсқамалары да сақтаулы тұр. Оқу орнының басшылығы мен ұстаздары түсіністікпен қараса деймін» - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.