{metadescription}
Түркістанда 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

Түркістанда 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

Түркістанда 4 жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғалған бүлдіршінді табуға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі уақытта ұлттық ұланның сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

«Облыстағы 17 қала, ауданға бүлдіршіннің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер жіберілді. Полицияның жеке құрамы мен иісшіл иттер, әскерилер мен еріктілер және жедел уәкілдерден құралған арнайы топ жан жақты жұмыс істеп жатыр. Іздеуге дрон апараты қолданылуда», - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде