Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
12:11 07.12.2023
Кездесу бүгін, 7 желтоқсан күні, сағат 18:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 53 мәрте кездесті. Оның 23-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 39 ойыннан кейін 31 ұпаймен 22-орында тұр. Aл «Сибирь» 40 ойыннан кейін 41 ұпаймен 14-орында келеді.
Екі команда арасындағы соңғы алты кездесуде қазақстандық команда жеңіске жете алмай жүр. Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram