2024 жылы Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді
Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауының өтетін уақыты жарияланды, деп хабарлайды Каzinform.
Фото: apa.az
15:27 07.12.2023
Тиісті құжатқа Ильхам Әлиев қол қойды. Кезектен тыс президент сайлауы 2024 жылдың 7 ақпанында өтетін болды. Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Әзербайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2024 жылғы 7 ақпанға белгілеу және оны Әзербайжан Республикасының Сайлау кодексінде белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!