{metadescription}
Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айрылған адамның кесірінен 4 көлік соқтығысты

Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айрылған адамның кесірінен 4 көлік соқтығысты

7 желтоқсанда Ақтөбе-Орынбор автожолының Құрайлы ауылының маңында орналасқан Жібек жолы жанармай құю станциясына қарама-қарсы бетте төрт автокөліктің қатысуымен жол апаты болды.

35 жастағы Toyota Rav-4 автокөлігінің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, ВАЗ-2115 автокөлігі сүйреп келе жатқан ВАЗ-2112 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Rav 4 өзінің қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы жолаққа шығып, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Toyota RAV 4 және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері Toyota RAV 4 автокөлігінің жұргізушісі бұрын 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Енді ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде