{metadescription}
Президент жастар кадр резервінің мүшесі QazaqGaz ұлттық компаниясына басшылық қызметке тағайындалды

Президент жастар кадр резервінің мүшесі QazaqGaz ұлттық компаниясына басшылық қызметке тағайындалды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «QazaqGaz ғылыми техникалық орталығы» ЖШС ұжымына жаңа басшы Мейір Шерәліні таныстырды.

«QazaqGaz»ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «QazaqGaz ғылыми техникалық орталығы» ЖШС еншілес ұйымының бас директоры лауазымына Мейір Нұртайұлы Шерәлі тағайындалды.

Мейір Шерәлі 2010 жылы Ұлыбританияның Манчестер университетін мұнай және газ инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Мұнай және газ министрлігінен бастаған.

Мұнай және газ саласындағы халықаралық компанияларда өндірістік тәжірибесі мол.

2011 жылдан 2022 жылға дейін Baker Hughes трансұлттық мұнай сервисі компаниясында бірқатар лауазымды қызметтерде болды.

Атап айтқанда, Шығыс Каспий өңірі бойынша бизнесті дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан мен Өзбекстандағы «Мұнай сервистік қызметтері» компаниясының директоры, «Baker Hughes ZMS» БК ЖШС және «Baker Hughes Kazakhstan» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.

Тайланд, Малайзия, Әзербайжан, Түрікменстан елдерінде жұмыс істеген уақытта кен орындарын бұрғылау және оңтайландыру саласында бірнеше жобаны іске асырды.

Сонымен қатар, Лукойл, Шеврон, Теңізшевройл, КПО, Petronas, Жайықмұнай және басқа да компаниялардың қызметіне қатысты бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

Осыған дейін «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС (бұрынғы Бірлескен химиялық компания) басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.