{metadescription}
Елімізде инвестахуалдың жақсаруы үшін қандай жұмыстар істелуде

Елімізде инвестахуалдың жақсаруы үшін қандай жұмыстар істелуде

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Әлихан Смайылов инвестициялар тарту – экономикалық өсудің негізгі факторларының және Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Атап айтқанда, елімізде жеке шарттарда келісімдер жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық шарттардың жаңа тетіктеріенгізілді. 

Бұдан бөлек, Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасқанда салық заңнамасының тұрақтылығына 10 жылға кепілдік беріледі және күрделі жобалар үшін Жетілдірілген модельдік келісімшартты жасасқанда фискалдық ынталандырулар енгізіледі.

«Резидент емес тұлғалардан алынған материалдық емес қызметтер үшін шегерім сомасын шектеуге қатысты инвесторлар жиі көтеретін мәселе шешілді. Енді бұл шектеу тек оффшорлық юрисдикциялардағы компаниялармен жүргізілген операцияларға қатысты болады», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы инвестициялық тартымдылықты арттырудың маңызды аспектілерінің бірі болжамды және ашық салық саясаты екенін атап өтті. 

Осыған байланысты Қазақстанда фискалдық реттеуді жетілдіру үшін жаңа Салық кодексі әзірленді.

Қазіргі уақытта ол бизнес-қоғамдастық және халықаралық ұйымдар өкілдерімен әртүрлі алаңдарда қызу талқыланып жатыр. 

Жыл басынан бері 250-ден астам жұмыс кездесуі өткізіліп, мыңнан астам ұсыныс түскен. 

Барлық мәселе апта сайын тұрақты жұмыс тобының қарауына ұсынылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде