{metadescription}
Іле өзенінде су деңгейі күрт көтерілді

Іле өзенінде су деңгейі күрт көтерілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Іле өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды депаттаменттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 21 ақпан күні Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде - 164 км қашықтықта, Қапшағай ГЭС-інен жоғары, бекеттен төмен мұздың кептелуі нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалған.

Су деңгейі 21 ақпанда сағат 8.00-де 462 см-ді құрады, қыс мезгілінде сыни деңгейде су деңгейі - 500 см болады.

«Алынған ақпараттың негізінде Іле өзенінің сағасындағы жағдайды көзбен шолып тексеру және бағалау үшін тиісті жерлерге жедел топ жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша, яғни елді мекендерге қауіп төнсе, қажетті шаралар қабылданатын болады. Шарын ауылының ең жақын елді мекені 15-20 км қашықтықта орналасқан. Бұл учаскеде тәулік бойы «Қазгидромет» РМК бақылау пункті жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сағат 16.00-дегі жағдай бойынша күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы -7 градус аяз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде