{metadescription}
Қызылордада «Уаз» көлігі жолаушылар автобусына соғылды

Қызылордада «Уаз» көлігі жолаушылар автобусына соғылды

Қызылорда қаласында УАЗ автокөлігі жолаушылар автобусына соқтығысты.

Оқиға салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға 21 ақпан сағат 18:45 шамасында облыс орталығындағы Абай мен Ғ. Мұратбаев көшелері қиылысында болған.

«Жолаушылар автобусы мен УАЗ автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға полиция басқармасының арыздар мен құжаттарды тіркеу кітабына тіркеліп, тиісті материалдар жинақталып жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, автобуста болған бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйіне қайтарылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде