{metadescription}
СҚО мектептерінде бір аптада 8 балаға буллинг жасалған

СҚО мектептерінде бір аптада 8 балаға буллинг жасалған

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған балалардың құқығын қорғау үшін облыстық прокуратурада құрылған мобильді топтары мектеп әкімшіліктерінің буллингке қатысты 8 фактіні жасырғанын анықтады.

СҚО прокурорларының айтуынша, буллинг фактілерінің барлығы бір апта ішінде, тексеріс барысында анықталған.

Тізімде Петропавлдың – бес, аудандардың үш мектебі бар. Балалар сыныптастарынан жүйелі түрде зәбір көріп, дене жарақатын алып келген.

Бұл жайында ата-аналар құқық қорғау органдарына арызданған. Алайда мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті шара қолданылмаған.

«Есіл ауданы Явленкадағы мектептердің бірінде ата-ана сынып жетекшісіне келіп, баласын ересек оқушылардың ұрғанын айтқан. Сынып жетекшісі жоғары сынып оқушыларымен сөйлескен. Бірақ буллингке қарсы белгілі бір тәртіп бар, мектеп әкімшілігі ол тәртіп бойынша тиісті шара қабылдамаған. Яғни сынып жетекшісі бірден полицияға, жоғары тұрған білім беру мекемесіне хабар беруі тиіс еді. Бұл үшін әкімшілік жаза бар», - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Қазіргі уақытта мектеп директорын және басқа да жауапты қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде