Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды
26 ақпанда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады.
08:07 26.02.2024
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Өскемен, Риддер, Жезқазған, Балқаш қалаларында, сондай-ақ күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!