{metadescription}
Алматы облысында көкжөтел ауруы өршіп тұр

Алматы облысында көкжөтел ауруы өршіп тұр

Осы жылдың басынан бері Алматы облысында көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Вакцина алмаған 5 жасқа дейінгі балалар арасында 11 зертханалық расталған жағдай тіркелді.

«Көкжөтел жұқтырған 11 баланың, жетеуінде медициналық қарсы көрсетілімдер болды. 3 сәбидің анасы жоспарлы вакцинациядан бас тартқан. Бір жағдайда – бала жасына қарай жоспарлы егуге жатпады», - деп атап өтті департаменттен.

Эпидемиологтар балаға көкжөтелге қарсы жоспарлы екпелерді тұрғылықты жері бойынша 3, 4, 5 және 6 айында емханада тегін алуға болатынын еске салды. 

«Ал, 18 айы мен 6-7 жасында ревакцинация жасалады. Алғашқы 4 вакцинация иммундық жауаптың пайда болуына ықпал етеді», - деп атап өтті ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.