{metadescription}
Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты: Ел қоржынына екі медаль түсті

Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты: Ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында ел қоржынына екі медаль түсті.

Атап айтсақ, бүгін суға секіру жарысының алғашқы жүлделері сарапқа салынды.

Синхронды секіру бағдарламасында 19 жастағы Диана Жұмағұлова мен 16 жасар Анабелла Кочкина 187,53 ұпай еншілеп күміс жүлдеге ие болды.

Ал 50 метрге шалқалай жүзуде отандасымыз Ксения Игнатова мәреге 28.94 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетіп, XI Азия чемпионы атанды.

Бұл сында екінші орынға Қытайдың Тайпейінен келген спортшы ие болса, үздік үшінші орынға Таиланд елінің өкілі иелік етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуден жерлесіміз Аделаида Пчелинцева чемпион атанған болатын.

Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде