{metadescription}
Синтетикалық есірткі саудалаған БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды

Синтетикалық есірткі саудалаған БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды

Атырауда синтетикалық есірткіні жасырын сатпақ болған БҚО тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан тәркіленген есірткінің құны шамамен 25 млн теңгені құраған. 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көрші өңір тұрғыны былтыр маусымда ұсталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылы Атырау қаласына келіп, есірткі заттарын жасырын тығу арқылы саудалаған Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған еді. Тексеру жұмыстары кезінде күдіктіден қара нарықтағы құны шамамен 25 млн теңгенің 1700-ге жуық доза синтетикалық есірткісі тәркіленді. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Күдіктінің қылмыстық іске қатысты кінәсі толық дәлелденді. Ол тұрмыстық жағдайы нашарлап, несие қарызын өтеу үшін жұмыс іздеген. Алайда, тұрақты жұмыс таба алмай, Telegram арнасында есірткі затын жасырын әдіспен таратушы болғанын мойындады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сот үкімімен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде