{metadescription}
Астанада мұз ойылып, 7 жасар бала суға құлап кеткен

Астанада мұз ойылып, 7 жасар бала суға құлап кеткен

Елордада жарылған мұз астына түсіп кеткен 7 жасар бала құтқарылды.

«102» жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, оқиға орнына жедел полиция жіберілген.

«Анықталғандай, 7 жасар бала досымен өзен жағалауына серуендеуге барып, ойнап жүріп, екі баланың бірі мұз астына түсіп кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген досы олардан көмек сұраған. Балықшылар баланы құтқарып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы», - делінген хабарламада.

Осы орайда Астана қаласының Полиция департаменті мұзға шығудың қаупі туралы ескертеді.

«Ата-ана баланың бос уақытын қайда өткізетінін қадағалап, оның қауіпсіз аймақта жүргеніне көз жеткізгені абзал. Сондай-ақ, мұзда серуендеуден бас тартқаны дұрыс», - дейді департаменттен.

Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жасар Пусь Дарханға ризашылығын білдіріп, марапаттады. Сондай-ақ, судан баланы құтқарған балықшы Абдужапбар Абдураимовқа бағалы сыйлық (қол сағаты) табыс етті.

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде