{metadescription}
Биыл запастағы 752 офицер әскер қатарына шақырылады

Биыл запастағы 752 офицер әскер қатарына шақырылады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, подполковник Руслан Жангулин айтты.

«Жыл сайын әскери кафедраны аяқтаған запастағы офицерлерді Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қатарына шақырамыз. Биыл да бұл жоспарда бар. Осы жылы 752 запастағы офицерді әскер қатарын шақыру жоспарда бар. Ол 2 жыл әскери борышын өтейді. Олар алған әскери білімін толықтыру мақсатында шақырылады», — деді Руслан Жангулин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, запастағы офицерлер Қарулы Күштерде жетіспейтін мамандықтардың орнын толықтыру мақсатында шақырылады.

«Олардың арасында байланысшы, зеңбірекші, психолог сынды мамандық иелері болуы мүмкін. Біз соларды шақырамыз», — деді министрліктің баспасөз хатшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.