{metadescription}
Павлодарда сауда үйінде батут өртенді
Павлодар облысы ТЖД-ға Мәметова көшесі, 11 мекенжайындағы Сауда үйінің 2-қабатында батут өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: istockphoto.com
11:08 02.03.2024
Оқиға орнына жеке құрамнан 10 адам мен 2 техника дереу жетті.
Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері келген кезде 2-қабатта түтін шыққаны анықталды.
Сауда үйінде адам болған жоқ.
09:12-де өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!